Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Тұман түсіп, көктайғақ болады: 7 қарашаға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
386
оқылды

Қазгидромет 7 қарашадағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады. Бірқатар облыста тұман түсіп, көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Алматыда, Қонаевта түнде және таңертең тұман болады.

Атырау облысының батысында тұман болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Семейде қар, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскеменде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.

Астанада көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с . Таразда кей уақыттарда тұман болады.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және тәңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Көкшетауда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ болады Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, қөқтайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында, Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Түркістанда түнде және таңертең тұман болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.