Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда да 5 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады, сондай-ақ түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 5 қарашада тұман, көктайғақ болады.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 5 қарашада күндіз жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың батысында, солтүстігіндеол солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандандарында тұман болады деп болжанады. Шымкентте 5 қарашада түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түркістанда 5 қарашада түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда 5 қарашада күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аймақтарында, солтүстікте, шығыста солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 18-23 м/с дейін жетеді. Түнде сынап бағаны -1...-6 градус суықты көрсетеді. Талдықорғанда 5 қарашада көктайғақ болады, түнде сынап бағаны -1...-3 градус суықты көрсетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында қар жауады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Алматыда 5 қарашада қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Қонаевта 5 қарашада тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.