Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Мәртебесі асқан майталмандар
2,944
оқылды

Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, өндіріс, бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

Өндірісті өркендетуге және аг­роөнеркәсіп кешенін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Солтүстік Қа­зақстан облысындағы «Мәм­бе­тов және К» КС механизаторы М.Қаражұмановқа, тау-кен са­ла­сындағы айтулы жетістігі және ұзақ жылғы еңбегі үшін Қара­ған­ды облысындағы «Qarmet» АҚ «Шахтинская» шахтасының учас­ке бастығы С.Чернобайға «Қа­зақ­стан­ның Еңбек Ері» атағы бе­ріл­ді.

Павлодар облысындағы «Га­лицкое» ЖШС директоры А.Ка­сицин «Отан» орденімен мара­пат­­талды.

«Бақыршық тау-кен өндіру кә­сіпорны» ЖШС басқарма тө­р­ағасы К.Исаев, Қазақстан жур­на­листикасының ардагері С.Хар­ченко І дәрежелі «Барыс» ор­де­німен; «Ақтоғай» су электр стан­сасының директоры Т.Бай­молдаев, Ұлттық ғылым ака­де­мия­сының академигі О.Сәбден, ең­бек ардагері Е.Тәжиев, «Ал­ма­ты әуендері» концерттік ор­кес-т­рі­нің бас дирижері М.Серкебаев және басқалар ІІ дәрежелі «Ба­рыс» орденімен; К.Байсейі­това атындағы Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің профессорлары А.Алматов пен Н.Измаилов, «Ақ­­­сайгазсервис» АҚ холдингі ком­паниялар тобы директорлар кеңе­сінің төрағасы Т.Шектебаев, ақын Ә.Беркенова және басқалар ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наг­радталды.

Еліміздің рухани кемелденуі­не және зияткерлік әлеуетінің да­муына елеулі үлес қосқаны үшін белгілі ғалымдарға, мәде­ниет қайраткерлеріне және өнді­ріс саласының өкілдеріне «Па­ра­сат» ордені берілді. Олардың қа­тарында «Ильинское» ЖШС ди­ректоры А.Бурлев, ақын Ғ.Жай­лыбай, «Мұнай-газ кешені ар­дагерлері» РҚБ кеңесінің мү­шесі Т.Хасанов, Қазақстан жур­на­листикасының ардагері Е.Бру­силовская, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының бөлім мең­герушісі М.Башабаев және бас­қалары бар.

Бейбітшілікті, халықтар ара­сын­дағы достық пен ын­ты­мақ­тас­тықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Social theater-Camogli (Ита­лия) театрының көркемдік же­текшісі Аквавива Джузеппе ІІ дә­режелі «Достық» орденіне лайық деп танылды.

«Құрмет» орденімен мара­пат­талғандардың қатарында Аста­на­дағы №3 қалалық балалар ау­­­­руханасының бас дәрігері М.Аб­дуов, «Құмқұдық» ЖШС бас инженері Б.Айтжан, QazaqGaz Aimaq Алматы өндірістік фи­лиа­лының слесарі Г.Жа­сы­баева, Ұлт­тық ядролық орта­лық­тың ла­боранты Ю.Карягин, Ор­талық мемлекеттік архивтің ди­рек­торы С.Шілдебай, актриса Г.Дусма­това, «Альтернатива» өзек­ті зерт­теулер орталығының ди­ректоры А.Чеботарев және бас­қалары бар.

Ұлт бірлігін нығайту және қо­ғам­дық келісімді қамтамасыз ету жолындағы жемісті еңбегі үшін «Ел бірлігі» орденімен «Ахыс­ка» түрік этномәдени ор­та­лығының Шымкент қаласы фи­лиалының төрағасы Л.Аса­нов, Павлодар облысы бойынша орыс, славян және казак ұйым­да­ры қауымдастығының төра­ғасы В.Бер­ковский, «Возрож­де­ние» Қа­зақ­стан немістері бір­­­­лестігі қам­қор­шылар кеңесінің төрағасы Е.Больгерт, «Таң» татар-башқұрт эт­номәдени орталығының төра­ғасы Р.Валиев, «Дустлик» өзбек эт­номәдени бірлестіктерінің қауым­­­дастығы төрағасының орын­­басары А.Исматуллаев мара­патталды.

Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да өндірістік салалардың еңбек­кер­лері III дәрежелі «Еңбек Даң­қы» орденінің кавалері атанды.

«Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері» құрметті атағы мә­дениет саласының көрнекті өкіл­дері З.Алтынбаеваға, Ә.Ал­тын­бекке, Н.Жмеренецкаяға, Б.Қажыбаевқа, белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері И.Сауэрге жә­не тағы да басқаларға берілді.

«Қазақстанның халық жазу­шы­сы» атағына ақын М.Айт­қо­жа, жазушы Ғ.Қабышұлы, «Қа­зақ­­­стан­ның халық әртісі» ата­­­­­ғына музыка, театр және кино өнері­нің көр­некті қайраткерлері Б.Әбділ­ма­нов, М.Өтекешова, А.Жайы­мов, Т.Жанқұл, Ш.Жаныс­бекова, Б.Ибраев, К.Қазақбаева, Р.Ма­ш­у­­­­­­­­­­­рова лайық деп танылды.

Денсаулық сақтау және ғы­лым саласының бірқатар өкілі «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрі­гері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және тех­ника қайраткері» құрметті атақ­тарына ие болды.

«Қазақстан Респуб­лика­сы­ның гидрогеологиялық карталар ат­ласының» құрастырушылары М.Әбсәметовке, Р.Аязбаевқа, Е.Көлдеевке, Е.Мұртазинге, В.Смолярға, сондай-ақ түсті ме­тал­лургиядағы экологиялық қауіп­сіздік жөніндегі зерттеу­лер­дің авторлары Б.Кенжәлиевке, В.Володинге, Е.Оспановқа, С.Тре­буховқа, А.Шахаловқа Қа­зақ­стан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен тех­ника саласындағы Мемлекет­тік сыйлығы берілді.

Сонымен қатар белгілі архео­лог З.Самашев, тарихшы М.-А.Сы­дықназаров Қазақстан Рес­публикасының А.Бай­­тұрсынұлы атындағы гу­манитарлық ғылым­дар са­ла­сын­дағы Мемлекеттік сыйлы­ғы­ның лауреаты атанды.

Әскери және қызметтік бо­ры­шын үлгілі атқарғаны, заң­ды­лық пен құқықтық тәртіпті қам­тамасыз ету, ұлттық қауіпсіздікті нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, I, ІІ, ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені­мен, «Ерлігі үшін» және «Жауын­герлік ерлігі үшін» медаль­дары­мен марапатталды.

Айта кетерлік жайт, Жұмыс­шы мамандықтары жылына орай Республика күні қарсаңында ең­бек әулеттерінің 138 өкілі, өнер­­­­кәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да са­лалардың 500-ге жуық жұ­мыс­шы­сы мен еңбеккері, шағын жә­не орта бизнестің 200-ге жуық өкі­лі, 130-дан астам ұстаз бен ға­лым, 100-ден аса медицина қыз­меткері және күнделікті ең­бе­гімен ел дамуына үлес қосып жүр­ген басқа да азаматтар мем­ле­кеттік наградаларға ие болды.