ҚАЗАҚСТАНДА ПАЛЛИАТИВТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ШЕҢБЕРІНДЕ ПРЕПАРАТТАР ТІЗБЕСІ КЕҢЕЙТІЛДІ.
Елімізде паллиативтік көмекке қолданылатын дәрілер  саны артты
Фото: gov.kz
250
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі паллиативтік көмекке қолданылатын дәрілердің тізбесін кеңейтті. Қазір ол 18 атауды қамтиды екен, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Сондай-ақ, министрлік стационарларда паллиативтік көмек көрсету тарифін және көшпелі мобильдік бригадаларды қаржыландыру көлемін ұлғайтты. Бұл пациенттер үшін көмекті қолжетімді етуге және паллиативтік қызметтің инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінде елімізде 2 087 паллиативтік төсек орналастырылған, оның 81-і балалар төсегі. Барлық 20 өңірде 220 мобильдік бригада жұмыс істейді. Паллиативтік көмек көрсететін 9 дербес мекеме Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Абай облысында, СҚО және ШҚО-да жұмыс істейді.

Мұндай қолдауды қажет ететін пациенттердегі аурулардың құрылымы әртүрлі:

• онкологиялық аурулар-41%,

• жүрек-қан тамырлары – 27%,

• тыныс алу ағзаларының аурулары – 12%,

• жарақаттар – 11%,

• туберкулез-2%.

Сонымен қатар қазір тәсілдерді біріздендіру, қызметтердің сапасы мен мультидисциплиналық командалардың тиімділігін арттыру үшін паллиативтік көмекті ұйымдастырудың жаңа ұлттық стандарттары әзірленуде. Әлі де маңызды қадамдар жасалуы керек сала - балалар паллиативіне ерекше назар аударылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.