82 келіде сынға түскен Омар Сатаев шешуші жарыс күнінде қола жүлде үшін белдесуде Бельгия спортшысы Ибрахим Табаевты 10:8 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жарыс барысында жерлесіміз қара құрлықтың мықтысы Мохамед Диабты (Египет) 4:2, Пан-Американ чемпионатының жүлдегері Диего Торресті таза жеңіп, ширек финалда былтырғы U23 әлем чемпионы Алесандрин Гутуға есе жіберді. Әйтсе де Омар жұбаныш белдесуінде Реон Какегавадан (Жапония) басым түсіп, қола жүлдеге таласта да мықтылығын мойындатты.
Омар Сатаев бұған дейін 2025 жылы Иорданияда өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.
Айта кетейік, U23 әлем чемпионатында кеше Иусуф Мациев (күміс, 97 келі), Мерей Мәулетқанов (қола, 72 келі) жүлдегерлердің қатарына енген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.