Қазақстанда Republic Day акциясы басталды.
Республика күніне орай сауда орталықтарында 90 пайызға дейін жеңілдік жасалады
Фото: iStock
748
оқылды

Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды  Republic Day  акциясын іске қосты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты. 

24-27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты сауда нысаны қатысуда. 

Астанада акцияға MEGA Silk Way, «Хан Шатыр»,  Abu Dhabi Plaza, «Сарыарқа»,  Koktal  сауда орталықтары, «Сауран» сауда үйі және Magnum, Small, АНВАР супермаркеттері қатысуда. 

Алматыда жеңілдіктерді  Forum, Mega Alma-Ata, Mega Park, Mart және Mart Village, Maxima, Aport Mall East, MOSKVA metropolitan, Grand Park, Asia Park және Sputnik сияқты танымал сауда орталықтарынан табуға болады.

Шымкент қаласында  Mega Planet, Hyper House, «Фиркан Сити», Shymkent Plaza, Shymkent City Mall, RAHIMA PLAZA,  Dur Plaza, «Бекжан», Diamond Plaza, Royal Plaza және «Баян сұлу» сауда үйлері жеңілдіктер ұсынады. 

Ақмола облысында акция «ЦУМ», «РИО», «Арбат» сауда үйлерінде өтуде. 

Актөбе облысында – «Алия», «Мир», Keruen City,  Aqtobe Mall, City Shopping Centre, «Мега Шығыс» және «Нурдаулет» орталықтарында. 

Алматы облысында – «Сити Плюс» сауда орталығы, «Магнум», «Биг Маркет», «Чильсон», «Таң-Шолпан» супермаркеттері мен «Ярлин» дүкені. 

Атырау облысында – «Насиха», «Тамаша», «Атырау»,  Baizaar, «Бақдәулет», «Мұрагер» сауда үйлері,  Infinity Mall  орталығы және Sulpak, Technodom, «Мечта» дүкендері.

Шығыс Қазақстан облысында – «Волна», «Колос», «Самал», «Керуен» супермаркеттері, "ТНП", "Фараон", «Император», «Гостиный двор», "Технодом" сауда орталықтары.

Жамбыл облысында – «Алатау» (ЦУМ),  Grand Bazar, «Mart», «Дос-Нар», «Диана», «Дамдес»,  Mart-Magnat сауда орталықтары.

Батыс Қазақстан облысында –  City Center, «Атриум»,  Alem Plaza, «Орал», «Азиза», «Московский», «Галактика»,  Asia Mall, «Жәңгір-Хан», «Квант», сондай-ақ Sulpak, «Технодом», «Мечта» дүкендері. 

Қарағанды облысында – «Абзал», «Таир», «Умай»,  Global City, City Mall, «БУМ», «Каскад», «Проспект», «Гранд Стор», «12 ай» және басқа да сауда нысандары. 

Қостанай облысында – «ЦУМ»,  Mart, «Емшан», «Астыкжан», Kostanay Plaza, «Солнечный», «Апельсин» және «БУМ». 

Қызылорда облысында – Aray City Mall, «Жібек жолы», «Жайна», «Отырар», Baiuzaq Plaza, «Ажар сити», Magnum, Small & Skif, «Эврика», Sulpak, Technodom және басқа да дүкендер. 

Маңғыстау облысында – «Актау», AK KALA Mall, «Байтерек», Shum, «Маңғыстау» ТРК мен Saya Park. 

Павлодар облысында – «Артур», «Квазар», «Тұлпар», «Мирас», «Атриум»,  City Centre, Batyr Mall, «Старый город», «Арман», «Баянмолл», AsiaMall, «Гулливер» және басқа да орталықтар. 

Солтүстік Қазақстан облысында – City Mall,  Rakhmet, «Сокол», «Айсберг», «Пирамида», «Аймер», «Семейный», «Солтүстік» супермаркеттері. 

Түркістан облысында –  Turan Mall, Khanshaiym Plaza  және «Керуен Сарай». 

Абай облысында –  Park City, «Арғымақ», «Аркада», «Мереке», «Ақшың», «Қазына» сауда орталықтары. 

Ұлытау облысында – «Самаз», «Акцент», «Самади» супермаркеттері мен «Мечта», «Гармония», «Сымбат» дүкендері. 

Жетісу облысында – «Даулет», «Евразия», «Шаған» сауда орталықтары және Sulpak дүкені. 

Жеңілдіктер негізінен тұтынушылық және тұрмыстық тауарларға: киім, аяқкиім, электроника, тұрмыстық техника, үйге арналған заттар мен күнделікті сұранысқа ие басқа да өнімдерге беріледі. Акция офлайн және онлайн сауда нүктелерін де қамтиды. 

Онлайн форматта да бірқатар танымал платформа  қосылды:  Wildberries-те жеңілдіктер 90%-ға дейін, Fortemarket-те FMFEST промокоды арқылы 10 000 теңгелік бонус,  Kaspi Магазин  түрлі тауарлар санатына  58% дейін  жеңілдік ұсынады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.