Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін таласта бейтарап спортшы Данил Григоревті мерзімінен бұрын жеңді.
Мерей Мәулетқанов - әлем чемпионатының қола жүлдегері
Фото: gov.kz
1,497
оқылды

Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жаһандық додада ел қоржынына алғашқы жүлде түсті,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Жарыс барысында Мерей Болгария балуаны Сергей Стоевты 8:0, Түркия спортшысын 9:0 есебімен бет қаратпай жеңсе, жартылай финалдық тартысты белдесуде Өзбекстан өкілі Аброр Атабаевқа 1:3 есебімен жол берген еді.

Айта кетейік, 22 жастағы Мәулетқанов өткен айда ғана ересектер арасындағы дүниежүзілік бәсекеде әлем чемпионы және Париж Олимпидасының жүлдегерін ұтып, сенсация жасаған еді. Нәтижесінде, ол 5-орынға тұрақтаған болатын.

Осы жаһандық додада ел қоржынына Иусуф Мациев екінші жүлдені алып келді.

Грек-рим күресінен 97 келідегі Иусуф Мациев финалдық бәсекеде Украина спортшысы Егор Якушенкодан 1:6 есебімен есе жіберді.

Отандасымыз әлем чемпионатында Кио Китавакиді (Жапония) 2:1, Аршак Гегамианды (Армения) 4:0, Максим Аверинді (бейтарап спортшы) 9:1 есебімен ұтты.

Иусуф Мациев бұған 2022 жылы Болгария төрінде 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында да күміс медальді мойынына таққан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.