"Ауылline" жобасы аясында 5 мыңнан астам мектеп, денсаулық сақтау нысандары және мемлекеттік мекемелер желіге қосылады.
1 миллионнан астам ауыл тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді
Фото: iStock
317
оқылды

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин Үкімет отырысында әлеуметтік нысандар мен ауылдық аумақтарды интернетпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Оның айтуынша, кеңес кезінен келе жатқан мыс кабельдерін түгелдей шыны-талшықты желіге ауыстыру мақсатындағы «Тазарту» жобасы жалғасып жатыр. Бүгінде  бұл жұмыстар аясында 340 мың абонент жаңа желіге көшірілді.

«Одан басқа "Сапа+" жобасы аясында биыл тұрғын үйлер мен пәтерлерде 360 мың роутер жаңартылып, заманауи жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткізуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ елімізде бұрын болмаған 3 мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетке қосу "Ауылline" жобасы аясында басталып кетті. Ол ЖИ министрлігінің көмегімен жүзеге асуда. 1,5 жылдың ішінде 500-ден астам жерде Amazon, StarLink сияқты жер серіктестері арқылы интернетке қосылатын болса, 2 500 ауылға дейін шыны-талқышты желі тартылмақ. 

Жоба аясында 5 мыңнан астам мектеп, денсаулық сақтау нысандары және мемлекеттік мекемелер желіге қосылады. Ал ең бастысы 1 миллионнан астам ауыл тұрғыны жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізбек», — деді Бағдат Мусин.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.