Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы шамамен таңғы сағат 4:20-да қаладағы Әуезов ауданында болған.
Алматыдағы жол апатының кесірінен бес адам ауыр жарақат алды
1,168
оқылды

Алматыда таңғы уақытта екі автокөліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы шамамен таңғы сағат 4:20-да қаладағы Әуезов ауданында болған.

"BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі Саин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, жолақ ауыстыру кезінде сол бағытта келе жатқан Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Соққының инерциясынан BMW көлігі Саин көшесінің батыс жағындағы ағашқа соғылған", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Соқтығыс салдарынан екі жүргізуші мен BMW автокөлігінің үш жолаушысы жарақат алған. Барлығы бес адам медициналық көмекке жүгінген.