Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ха­лық­аралық стандарттау ұйымының (ISO) Бас хат­шысы Серхио Мухиканы қабылдады.
Бірлескен істердің бағыты айқындалды
2,785
оқылды

Президент мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық стан­дарттау ұйымы жаһандық сауда, инновация мен ор­нықты дамудың негізін қалыптастыратын беделді институт еке­ніне тоқталды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ISO-мен бірге ци­фрлық трансформация, орнықты даму және цифрландыру секілді салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға әлеуеті мол екенін жеткізді.

Бас хатшы Серхио Мухика ұлттық стандарттау жүйесі мен цифрлық технологияны дамыту бағытындағы Қазақ­стан­ның күш-жігерін жоғары бағалап, еліміздің ұйым қыз­ме­тіне белсенді қатысатынын және халықаралық стан­дарт­тарды енгізуге әзір екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серхио Мухика табысты ын­тымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен жұ­мыс­тардың жаңа бағыттарын дамытуға өзара ниет танытты.