Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құт­қару­шыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Пре­зидент бейбіт күннің батырларына шынайы ри­зашылығын білдіріп, азаматтық қорғау са­ла­сының еліміз үшін стратегиялық маңызы ерек­ше екенін атап өтті.
Қайсар рухты құтқарушыларға құрмет
2,672
оқылды

– Конституциямыздың ал­ғаш­­қы бабында «Адам және адам­ның өмірі – мемлекеттің ең қым­бат қа­­зынасы» екені анық көр­се­тіл­ген. Аза­­маттық қорғау саласының әр қыз­меткері ел қауіп­сіздігі және аза­маттарымыздың амандығы үшін қажырлы еңбек етуде. Шын мәнінде, құтқарушы болу – кез кел­ген төтенше жағдайға дайын тұ­ру, ешқандай қауіп-қатерге қа­ра­мастан адам өміріне араша түсу де­ген сөз. Бұл – әрине, өте абы­рой­лы іс, жауапты қызмет. Хал­қы­мыз өздеріңіз сияқты батыл, ер­жүрек және ең бастысы, нағыз отан­шыл азаматтарды әрдайым мақ­тан тұтады. Сіздердің адал қыз­меттеріңіз – өскелең ұрпақ үшін өте жақсы үлгі-өнеге, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кейінгі жылдары елі­міз бастан өткерген табиғи апа­т­­тардың ең ауыр салмағы құт­қару­шыларға түскенін айтты. 

– Былтыр алапат су тасқыны ке­зінде сіздер жұртты қауіпсіз жер­ге көшіріп, апаттан аман алып қалдыңыздар. Қостанайда, Се­мейде және басқа да аймақтарда болған орман өртіне қарсы тұрып, тілсіз жаумен күрестіңіздер. Тө­тен­ше жағдай болған аймақтарға өзім де арнайы бардым. Ерлікке бер­гісіз нағыз еңбекті өз көзіммен көр­дім. Сондықтан азаматтық қор­ғау саласы мамандарының кә­сіби шеберлігі және табанды ең­бегінің арқасында біз бір ел бо­лып барлық қиындықты ең­сер­дік деп толық сеніммен айтуға бо­лады. Жалпы, құтқарушы­лары­мыз соңғы 5 жылда 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қал­ды. Сондай-ақ шетелдегі гу­ма­нитарлық миссияларға қаты­сып, кәсіби деңгейі жоғары озық маман екенін дәлелдеді. Сол ар­қылы еліміздің халықаралық бе­де­лін арттыруға атсалысты. Осы орай­да бүгін мен еліміздегі бар­лық құт­қарушыларға тағы да зор ал­ғы­сымды айтамын, – деді Мем­­­лекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мем­ле­кет азаматтық қорғау саласын күшейте түсуге баса мән беретінін айтты.

– Осыдан бес жыл бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды, ал осы салаға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы екі жарым есе көбейді. Бір сөзбен, нақты және тиімді шаралар қабылдана бастады. Атап айтқанда, 1700-ден астам арнайы техника алынды. 42 өрт сөндіру депосы және құтқару станциясы салынды. Аудандық төтенше жағдай бөлімшелері заман талабына сай жаңғыртыла бастады. Құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жұмысы да басты назарда. Соңғы екі жыл ішінде сала маман­дары­ның еңбекақысы 77 пайызға өсті, енді оларға арнайы үстемеақы төленетін болды. Сондай-ақ тұрғын үй төлемдері мен әлеу­меттік жеңілдіктер беріле баста­ды. Жалпы, бұл жұмыс міндетті түрде өз жалғасын табады. Осын­дай шаралардың арқасында аза­маттық қорғау саласының кадр­лық әлеуеті артып келеді, – деді Президент. 

Мемлекет басшысы жер жүзінде түрлі себепке байланысты табиғи және техногендік апаттар көбейіп кеткеніне тоқталып, кәсіби тұрғыдан білікті, мықты мамандарды, яғни жаңа заман құтқарушыларын даярлауға ерекше назар аудару қажет екенін тілге тиек етті. 

– Осы мақсатпен Көкшетау техникалық институты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы болып қайта құрылды. Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс. Мемлекеттік ор­гандар құтқарушыларға қоғамда лайықты баға берілуі үшін ба­рынша шара қабылдауға міндетті. Өте қиын, қауіпті, бір емес, бірнеше бағытта дайындықты қажет ететін осынау мамандықты насихаттауға бұқаралық ақпарат құралдары, өнер адамдары үлес қоса алады. Нағыз құтқарушылар әскери іс, экономика, құрылыс және басқа да көптеген саладағы арнайы білімді меңгерген. Олардың арасында спортшылар да аз емес, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкімет пен сала­лық министрлік төтенше жағдай­ларды уақтылы ескертудің және салдарын жоюдың тиімді жол­дарын қарастыруға баса мән бер­гені жөн екенін жеткізді.

– Орталықтағы және жергі­лікті құтқару қызметтерінің іс-қимылы – біртұтас, нақты жүйе­ленген механизм. Басқару үде­рісін автоматтандыруға, ци­фр­ландыруға, өзге де заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге күш салу маңызды. Со­ны­­мен бірге министрлік қазірдің өзінде «Заң және тәртіп» идео­логиясы аясында өнеркәсіп нысандарындағы қауіпсіздікті күшейтіп, өртке қарсы талаптар мен құрылыс нормаларын қатаңдату шараларын қабылдап жатыр. Азаматтарға, ең алдымен, балалар мен жастарға өрт, су тасқыны, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін мұқият, түсінікті тілмен жеткізу қажет. Олар апат кезінде қалай әрекет ететінін білуге тиіс. Сонымен қатар күнделікті өмірде, тыныш уақытта қауіпсіздік шараларын ұдайы есте сақтағаны жөн. Көп­шілікті табиғат аясында демалу, су айдынында шомылу, тауға шығу, ауа райы жайсыз кезде және басқа да жағдайларда көлік жүргізу сияқты азаматтардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіретін сәттерде жауапкер­шілік танытуға үндеу маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев тек мемлекеттен бөлінетін қаражатқа қарап отыратын спорт феде­рация­ларының басшыларын сынға алды. Сондықтан тәртіп, жанашырлық, жәрдем беру секілді өмірлік маңызы бар қағи­да­ларды қоғамда орнықтыру ісінде құтқарушылар өскелең ұр­паққа үлгі болуы керек деп са­найды. 

– Оқу орындарына Төтенше жағдайлар министрлігі бөлім­шелерінің бейресми қамқорлық көрсету тәжірибесін белсенді түрде енгізген дұрыс. Құтқару­шылар қоғамда саламатты өмір салтын насихаттауға, балалар мен жастар арасында спортты дәріп­теуге зор үлес қоса алады. Бұл – шын мәнінде стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі рухы мықты, саламатты ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі жаһандық өзгерістер заманында ұлт сапа­сына тікелей әсер ететін жағдай. Осы бағытта Төтенше жағдайлар министрлігі спорт федерация­ларымен өзара байланыс орна­тып, белсенді жұмыс істегені жөн. Жалпы, бүгінгі таңда спорт федерациялары абырой-бедел жинайтын құрылымға айналып кетті. Көптеген федерацияны ірі бизнес өкілдері және мемлекеттік мекеме басшылары басқарып отыр. Бірақ ашығын айтуымыз керек, кәсіпкерлер осы қоғамдық маңызы бар іске өз қаржысын салуға құлықсыз, тек мемлекеттен бөлінетін қаражатқа қарап оты­рады. Мемлекеттік қызметшілер де осы жоғары қоғамдық лауазым­дарды өзін «жарнамалау» құралы ретінде көреді, яғни спорттың мәнісіне терең бой­ламайды. Тіпті спортшылардың жетістігін өздерінің жеке жеңісі деп санайтындар бар. Мұндай теріс, жағымсыз үдеріске тос­қауыл қою керек. Осы мәселе бойынша жан-жақты талдау жүргізу қажет. Бұл жұмысты Пре­зидент Әкімшілігіне тапсы­рамын, – деді Президент.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, спорт және дене шынықтыруға қолдау көрсетуді құрметті қоғамдық миссия және үлкен азаматтық жауапкершілік ретінде қарастырған жөн. 

– Ел ішінде және шетелде атақ-абыройыңды асқақтату үшін федерация басқару дұрыс емес. Оған жол беруге болмайды. Сондықтан мемлекет кәсіпкер­лерді, соның ішінде ірі бизнес­мен­дерді қолдайды. Бірақ мем­лекет пен қоғам да олардың осы­ған сай әрекет еткенін күтеді. Атап айтқанда, бұл спортты, мысалы футболды коммерция­ландыру мәселесіне қатысты. Туризм және спорт министрлігі мен спорт федерацияларының арасында тең құқылы диалог өрбіп, міндеттері мен құзыреттері нақты айқындалған ынтымақ­тастық жолға қойылуға тиіс. Кәсіпкерлердің бастамаларын ынталандыру – мемлекеттік саясатымыздың негізгі басым­дығы. Мен бұған ерекше мән бе­ремін. Өткен аптада эко­номика­лық ахуалға қатысты арнайы жиын өткіздім. Онда елі­міздегі бизнесті дамыту мә­селелері қарастырылды. Кеше Премьер-министрге берген тапсырмамда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қажеттігіне тағы да баса назар аудардым. Қазір бірқатар спорт феде­рациясына бизнесмендердің, меценаттардың жаңа буыны келе бастады. Оларға спортты дамыту саласындағы жағдайды жақсарту міндеті жүктелді. Қазірдің өзінде жұмысқа жауапкершілікпен қарап, маңызды жеңіске қол жеткізуге бар ынтасымен ұм­тылатындарын байқап отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте Президент ТЖМ қызметкерлері, құтқарушылар әрқашан және әр кезде ел қамын ойлап, азаматтардың қауіпсіздігін күзететінін атап өтті. Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесін жаң­ғыртудың кешенді жұмыстары жалғасып, құтқарушыларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Қазіргі жұмыс қарқы­нын төмендетуге болмайды. Өйткені азаматтардың өмірі мен тұрмысы осыған тікелей бай­ланысты.

– Өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігу – нағыз ерлік. Қиындыққа тап болған жандар, ең алдымен құтқару­шылардан көмек күтеді. Бүгінде азаматтық қорғау саласының қызметкерлері өз міндетін мінсіз атқарып келеді. Олар сын сағатта жанқиярлық көрсетуге дайын тұрады. Тіпті осы жолда құрбан болған ерлеріміз аз емес. Өткен отыз жылда 72 құтқарушы ерлік­пен қаза тапты. Біз батыр­ларымыздың есімін ешқашан ұмытпаймыз. Олар отаншыл және антқа адал болудың тамаша үлгісін көрсетті. Сондықтан өмірін құтқару ісіне арнаған ерлердің есімдерін тарихымызда мәңгі сақтау үшін тиісті іс-әре­кеттерді дер кезінде қолдануымыз керек. Нағыз ерлік жасаған батыл азаматтарымыздың рухына тағ­зым ете отырып, олардың есім­дерін ел ішінде ұлықтай беруіміз қажет. Халқымыз «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер» деп айтқан. Түптеп келгенде қайсар рухты құтқарушыларымыз Әділетті және Қауіпсіз Қазақ­станды құруға мол үлес қосып жатыр, – деді Мемлекет бас­шысы.

Жиын соңында Президент қызметтік борышын атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.