Күшті антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыруды жалғастыруда.
Демалыс күндері өңірлерде күн жылы болады
Фото: iStock
1,784
оқылды

Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы минус көрсеткіштерде сақталғанымен, күндіз термометр бағандары +5…+10°С жылылықты көрсетеді. Ал оңтүстік өңір тұрғындарын алтын күз әлі де қуантады — күндізгі ауа температурасы +15…+20°С шамасында болады деп күтіледі.

Тек еліміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронттар жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.