Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Италияға жұмыс сапары аясында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан СІМ басшысы ҚР мен ФАО арасындағы серіктестік бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру басталғанын атап, осы бағыт бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Тараптар өзара іс-қимылды ілгерілету жолдарын талқылап, су ресурстары саласындағы серіктестіктің екінші бағдарламасын құру мүмкіндігін қарастырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.