Қазгидромет 9 қазан, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, жоғары қысым өрісінің әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің солтүстік-шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын болады.
Батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен қатар жүреді.
Солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері Жетісу облысында -1…-6°С дейін, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде -1…-3°С дейін, Жамбыл облысының таулы аймақтарында -1…-3°С дейін үсік жүруі мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.