Ауыр жарақаттар салдарынан 9 жастағы қыз есін жимастан, бақилық болды.
Бестеректегі жол апатынан кейін комаға түскен қыз көз жұмды
Фото: iStock
459
оқылды

Абай облысының Бестерек ауылында болған қайғылы жол апатының салдарынан зардап шеккен 9 жастағы қыз бір айға жуық ес-түссіз жатып, қайтыс болды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің мәліметінше, ол алдымен Үржар аудандық ауруханасына жеткізіліп, кейін санитарлық авиацияның тікұшағымен Семейдегі ауруханаға тасымалданған. Алайда ауыр жарақаттар салдарынан қыз есін жимастан, көз жұмды.

Бұған дейін Президенттің тапсырмасы бойынша, аман қалған үш балаға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына әскери ұшақ жіберілген еді. Жағдайы тұрақтанған соң екі бала санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізілген болатын.

Апат Абай облысының Бестерек ауылында болған. Үйдің жанында ойнап жүрген балаларды автокөлік қағып, бірнеше бала ауыр жараланған еді.