Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының Полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.
Алматыда әскери қызметші өмірден өтті
2,165
оқылды

Алматы облысында шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

–  2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаментінің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды. Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия, – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының Полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.

– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады, – делінген хабарламада.