Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы өтіп жатыр.
Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашты
577
оқылды

Telegram әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашты. Жоба Alem.ai ғимаратында іске қосылып, елдің суперкомпьютерлік кластерімен бірлесіп жүзеге асады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Дуров Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде айтты. 

«Бір жыл бұрын біз Қазақстанда алғашқы аймақтық кеңсемізді ашқан едік. Сол шешіміміздің нәтижесіне өте ризамыз. Бүгін арнайы жасанды интеллект зертханасын Alem.ai ғимаратында іске қосып отырғанымызды қуана хабарлаймын. Telegram мен Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан суперкомпьютерлік кластер аясындағы бірлескен жобаны жүзеге асырамыз. Бұл технология миллиардтаған адамға жасанды интеллект мүмкіндіктерін ашық әрі тиімді пайдалануға жол ашады. Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желіге есептік қуат ұсынатын алғашқы ірі орталыққа айналады деп сенеміз», – деді Павел Дуров.