Ойын кезінде Алматыға қанша турист келді?
«Қайрат»  - «Реал Мадрид»  ойыны қала экономикасына қанша қаржы алып келді?
Фото: әлеуметтік желіден
850
оқылды
eQonaq жүйесіндегі ақпаратқа сүйенсек, 28-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы қонақүйлер мен орналастыру орындарына 5 221 шетелдік турист тоқтаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazakh Tourism-ге сілтеме жасап.
Топ тізімін Қытай бастаған - 1 411 адам. Кейін Ресей (969), Үндістан (365), Оңтүстік Корея (249) және Өзбекстан (246). Орта есеппен алғанда олар қала экономикасына қанша қаржы әкелді?
Kazakh Tourism мәліметінше, ойынға келген туристер орта есеппен алғанда қала экономикасына шамамен $7,8 миллион алып келген.
Бұл тек ресми қонақүйлерде және орналастыру орындарында тұрақтаған адамдар саны. Жеке пәтер жалдап, туған-туысқандарына келгендер және т.б. да болуы әбден мүмкін.
 
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.