Әншінің жұбайы араға 9 жыл салып дүниеге қыз әкелген еді.
"Көк шөппен кесті": әнші Мейрамбектің Бесбаевтың қызының тұсауын кім кескені белгілі болды
Фото: видеодан скрин
3,056
оқылды

Әнші Мейрамбек Бесбаев қызының 1 жасқа толған күнін және тұсаукесерін өткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай әншінің қызының тұсауын әріптесі Сәкен Майғазиевтің жұбайы кескен.

“Айзия Мейрамбекқызының тұсаукесер тойы. Алла тағала тіл, көзден сақтап, инабатты, білімді, саналы болып өсе берсін. Айзия қызымыздың тұсауын көк шөппен кесу мәртебесі жүрегімнің ішіндегі жүрегім Динараға бұйырды. Көгеріп, көктеп, тамыры тереңге тартылып, мәуелі бәйтеректей жайқала берсін”, – деп жазды Сәкен Майғазиев. 

Айта кетейік, әншінің жұбайы араға 9 жыл салып дүниеге қыз әкелген еді. Оның атын Айзия деп қойды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.