Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Чанчжоу АТР 250 турнирінің финалына шықты.
Александр Бублик финалға шықты
2,693
оқылды

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген отандасымыз жартылай финалда әлемдік рейтингте 196-сатыда тұрған қытайлық У Ибинді қапы қалдырды. Екі сет те 6:3 есебімен аяқталды. Бублик финалда әлемнің 88-ракеткасы, франциялық Валентен Руаемен чемпион атағын сарапқа салады.  Былтыр Ханчжоуда хорватиялық Марин Чилич жеңімпаз атанған.

Айбике ЖАНАСЫЛ