Ақындарды бағаламайтын адамдарға ренішін білдірді.
«Эстрада жұлдыздарын көріп, көңілім қалды...»: танымал ақын тойда болған жағдайды айтып берді
Фото: instagram.com/olensoz_kz
2,114
оқылды

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында басынан өткен жағдайды айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ол тойға шақыратын адамдардың көбі ақындардың еңбегін әншілерден төмен санайтынына реніші бар екенін жасырмады.

“Бір кісі қоңырау шалып, 40 жыл университетте ұстаздық еттім, сенің өнеріңді бағалайтын едім, тойыма келіп, менің еңбек жолымды айтып берші деді. Менің ақым осынша еді деп айтуға ыңғайсыздандым. Жағдайым онша емес еді, 200 мың теңге берсем бола ма деп өзі айтты. Үлкен кісі хабарласып тұрғаннан кейін, ұстазбын деген соң "жақсы, барайын" деп уәдемді бердім. Мейрамханаға барсам, арнау айтатын кезегім келмей қойды. Бүкіл эстрада жұлдызы жүр. Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі. Бәрін ақысын беріп алдырған. Сол кезде көңілім қалды. Сонша әншінің бәрі 200 мың теңгеге келген жоқ қой. Бірақ саған 200 мың береді, өйткені сен ақынсың. Халық "ақындар ананы айтуы керек, мынаны айтуы керек" дегенді қатырады да, бағалауға келген кезде "Бұл ақын емес пе?" деп төмендетеді. Ештеңе демей, 200 мың теңгемді алып кеттім", – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.