Қасым-Жомарт Тоқаев Серджио Горды АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша арнаулы өкілі және АҚШ-тың Үндістандағы елшісі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Осы ретте Қазақстан Үкіметі оның миссиясына жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.
Мемлекет басшысы қазақ-америка стратегиялық серіктестігін нақты жетістіктермен одан әрі нығайтуға бағытталған диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты дамытуға мән берілді. Мемлекет басшысы еліміз АҚШ-тың Орталық Азиядағы негізгі экономикалық серіктесі саналатынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджио Гор күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.