Желі қолданушылары бетіне ота жасатқан деп, түрлі пікір жазған.
"Бетіне ота жасатқан": Гүлзира Айдарбекова өзін сынағандарға жауап берді
Фото: әлеуметтік желі
1,816
оқылды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған оқырмандарына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Желі қолданушылары оған бетіне ота жасатқан деп, түрлі пікір жазған.

“Күлгенде мұрнының үсті жиырылып тұр”, “Әншілердің көбі беттерін өзгертіп алады”, “Бұларға ота жасау түк емес”, “Бетін қатты тартқызып тастапты”, – деп жазды оқырмандар. 

Алайда продюсер ешқандай отаға жүгінбегенін айтып, ағынан жарылды.

“Қатты шатастың, тарттырсам қыртыс болмаушы еді. Менде жетеді әжім. Тартпақ түгілі ботокс та салмаймын. Сенесің бе, сенбейсің бе өз еркің. Маған бәрібір. Кім не демей жатыр, бірақ шындығы солай”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.