Бұл оның әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегі болды.
Санжар Тәшкенбай әлем біріншілігінің жартылай финалына шықты
1,284
оқылды

Санжар Тәшкенбай Үндістан үміті Джадумани Сингх Манденгбамды жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл оның әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегі болды. Ол турнирдің алтыншы күні – 10 қыркүйекте иорданиялық Хутхайфа Ешишаны жеңген еді.

Ташкенбай әлем чемпионатына екінші рет қатысып отыр – 2023 жылы алтын жүлде иеленген болатын!

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасында 10 жартылай финалист бар – 6 әйел, 4 ер боксшы:

  • Назым Қызайбай (48 кг)

  • Алуа Балкибекова (51 кг)

  • Виктория Графеева (60 кг)

  • Аида Әбікеева (65 кг)

  • Наталия Богданова (70 кг)

  • Ельдана Тәліпова (+80 кг)

  • Санжар Ташкенбай (50 кг)

  • Махмұд Сабырхан (55 кг)

  • Торехан Сабырхан (70 кг)

  • Айбек Оралбай (+90 кг).