Оның анасы – бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Ал әкесі өмірден өткен. Бұған дейін өз баспанасы болмаған.
Қара бетперде таққан жігіт қатерлі ісікке шалдыққан қызға пәтер сыйлады
865
оқылды

Қара бетперде таққан жігіт ауыр дертке шалдыққан 20 жастағы қызға пәтер сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәліметке сүйенсек, қыз қатерлі ісікке шалдыққан. Оның анасы – бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Ал әкесі өмірден өткен. Бұған дейін өз баспанасы болмаған.

Қара бетперде таққан жігіт оның шетелде ем алуына көмек берілетінін айтып, пәтер сыйлады. 

"Істеп жатқан жақсылықтарыңыз мың еселеп қайтсын. Гүлжанға Алла шипасын берсін!", "Қандай қиын тағдыр", "Алла тағала разы болсын", – деді желі қолданушылары.