Махмұд Сабырхан 1/8 финалда Косово елінің өкілі Башким Байокумен жұдырықтасты.
Бокстан әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді
1,601
оқылды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Косово елінің өкілі Башким Байокумен өзара мықтыны анықтады. 

Махмұд алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреп, нокаутқа жіберді. Осылайша мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.