Қазгидромет республика бойынша 9, 10 және 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігіндегі ауа райын батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды.
Жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте, 9–10 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 және 11 қыркүйекте шығыста, 10–11 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысы мен орталығында жаңбыр мен бұршақ жауып, дауылды жел тұрады.
Республиканың көптеген аумағында жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Температуралық фон бойынша төмендеу болжанады:
Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +18…+25°С;
Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, топырақ бетінде 2°С үсік, күндіз +8…+16°С, аймақтың оңтүстігінде +23°С дейін;
Солтүстікте түнде +5…+10°С, күндіз +9…+15°С;
Орталықта түнде +5…+13°С, күндіз +13…+21°С;
Шығыста түнде +3…+11°С, күндіз +10…+20°С;
Оңтүстікте түнде +10…+20°С, күндіз +23…+33°С.
Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.