Президенттің сөзінше, мұндай қадамдар кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді
Президент: «Жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді»
396
оқылды

Бұл туралы Президент бүгінгі Жолдауында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадамдар кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады», – дейді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеріп, шетелге жіберілетін отандық өнімдердің көлемін көбейтуіміз қажет екенін айтты.