Ақтөбеде республикалық «Сәйгүлік» ІІІ бард әншілер байқауы өтті. Дәстүрлі байқау қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың шығармаларын насихаттауға арналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл байқауға республикамыздың әр түкпірінен 18 өнерпаз қатысты. Әншілер ақынның бір лирикалық әнін, бір патриоттық туындысын гитарамен орындады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз құттықтау хатында бұл фестиваль ақын мұрасын ұлықтап, жастарға отансүйгіштік рухты сіңіретін, ұлттық өнерді кеңінен насихаттайтын ерекше мәдени оқиға екенін атап өтті.
Ал өңір басшысы Асхат Шахаров жыл сайын бұл байқаудың ерекшеленіп, қатысушылардың да әр байқау сайын қатары өсіп келе жатқанына ризалығын жеткізді.
Байқау нәтижесінде төмендегідей орындар белгіленді.
Бас жүлде: Ғибадат Тұрғалиев (Атырау)
І орын: Орынбасар Жұмаханов (Атырау)
ІІ орын: Еркебұлан Әжімұратов (Ақтөбе), Самиғоллаев Ізбасар (Атырау)
ІІІ орын: Сиғватолла Ешқаев (БҚО), Әкімжан Макенов (Қарағанды)
Арнайы жүлде: Аружан Бисембай (БҚО), Ақжол Амантай (Астана)
Дипломант: Ержан Сағынбаев (Атырау), Аққұл Нұрдәулет (Түркістан), Мадыбек Әділет (Жамбыл)
Іс-шара соңында кешкі алау жағылып, қатысушылар мен көрермен алауды айнала отырып, бәрі қосылып «Сәйгүлік» әнін шырқады.