Барлық қылмыстық іс бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.
«Лауазымды асыра пайдалану»: Антикордың бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды
1,125
оқылды

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Пернешұлы Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы ресми айтты.

Барлық қылмыстық іс бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.  

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.