Бейжіңде Қазақстанның алғашқы мәдени орта­лы­­ғы ашылды. Бұл – әзірге шетелдегі жалғыз қазақстандық орталық.
Өнер-білім, бар жұрттар...
5,202
оқылды

Салтанатты рәсімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Или, екі елдің дип­ломаттары мен шы­ғармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Орталықтың ашылуы – ұзақ­мерзімді дипломатиялық келіс­сөздің және жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтың нә­ти­жесі. 2022 жылы ҚХР Төра­ға­сы­ның Астанаға мемлекеттік сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстанда тең негізде мәдени орталық құру жөнінде келісімге келген еді. 

Жобаның жүзеге асуы екі ел арасындағы мәдени айналымға серпін беріп, ел мәдениетін ха­лық­аралық аренада танытуға елеу­лі үлес қосады. Сондай-ақ бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыс пен стратегиялық әріптестіктің нығаюуына сеп болады.

Орталық Бейжіңнің беделді ауданында, Қытайдың халық­ара­лық жастар алмасу орталығының бір бөлігі саналатын «21 ғасыр» бизнес-орталығында орналасқан. Орталықтың аумағы – 620 шаршы метр. Қазақстан мәдени орталығы Қытай аудиториясына қазақтың дәстүрін, өнерін, тілі мен тарихын және ұлттық тағамдарын та­ныс­тыратын іс-шара өтетін алаңға айналады.

Кеңістік бірнеше аймаққа бөлінген, олардың интерактивті жабдықтары Қазақстан мәдение­тіне барынша терең бойлауға мүмкіндік береді.

Мәдени орталықтың маңызды бөлігі – экспозициялық аймақ. Мұнда жүзден астам тарихи жә­дігер қойылған. Олардың қата­рын­да Сақ дәуірі жәдігерлерінің кө­шірмесі, Есік пен Берел қор­ған­дарынан табылған заттар, сон­дай-ақ қазақ халқының тұр­мыс­­тық бұйымдары бар. Орта­лыққа келген көпшілік домбыра мен қобыз секілді музыкалық ас­паптарды, дәстүрлі әйел әше­кей­лерін, «сандық», «астау», «сыр­мақты» көреді. Бұл экс­по­нат­­тар Қытай халқына Қазақ­станның бай тарихи-мәдени мұ­ра­сын тереңірек түсінуге көмектеседі.

Сонымен қатар экспозицияда қазақстандық суретшілердің кар­тинасы, ел тарихы мен мәде­ние­тіне арналған сирек кітаптар ұсы­нылады. Мультимедиялық экран арқылы келушілер Қазақ­станның табиғи және мәдени кө­рікті жерлері жайлы деректі фильм мен бейнематериалды тамашалай алады.

Орталықтың басты бағы­ты­ның бірі – қазақ тілі кабинеті. Мұнда балалар мен ересектерге арналған тренинг пен сабақ өтеді. 

Музыка және шығармашылық кабинеттері де орталықтың ма­ңызды элементі. Қытайлық қо­нақ­тар дәстүрлі қазақ музыкасы жайында біліп қана қоймай, домбыра мен қобызда ойнауды үйрететін шеберлік сабағына қатыса алады. Сондай-ақ бұл жерде қазақстандық музыканттар мен әртістер өнер көрсететін кон­церт ұйымдастырылады.

Әдебиетсүйер қауым үшін ор­талықта кітапхана мен оқу залы қарастырылған. Мұнда қазақ­стан­­дық авторлардың түрлі жанр­дағы шығармасы шет тілдерде, соның ішінде қытай тілінде де ұсынылады. Негізгі экспонат­тар­дың бірі – қазақтың ұлы ақыны Абайдың еңбектері. Кітапхана дәріс, таныстырылым және әдеби кеш өткізетін орынға айналып, қытайлық аудиторияның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қызы­ғу­шылығын арттыруға ықпал етеді.

Мәдени орталықтың көп­функ­ционалды алаңдары көрме, ғылыми конференция, дөңгелек үстел мен симпозиум өткізуге пай­даланылады. Бұл іс-шара Қа­зақстан мен Қытай арасындағы мәдени және білім беру байла­нысын нығайтады. Сондай-ақ ор­талық аумағында «Сандық» мей­рамханасы жұмыс істейді, қа­зақтың ұлттық тағамдарын да­йын­дауда шеберлік сабағын өткізеді.

Бұл орталық Қазақстан мә­де­ниеті мен тарихын тануға бағыт­талған білім беру және мәдени жобаларды дамытатын болады. Онда тек тіл мен өнерді үйретіп қана қоймай, сонымен бірге ғы­лыми зерттеулер мен мәдени дәс­түрді таныстыруға арналған кең ауқымды жобалар да жасалады.

Алдағы жартыжылдықта Қа­зақстан мен Қытайдың жас кә­сіпкерлері, ғалымдары, шығарма­шылық өкілдері арасын тәжірибе алмасу жоспарланған. Бұл іс-шараны Қытайдың халықаралық жастар алмасу орталығымен қа­зақстандық тарап бірлесіп ұйым­дастырмақ. Сондай-ақ Бейжің тіл және мәдениет университетімен ынтымақтастық туралы мемо­ран­думға қол қою, соның негізінде Қазақстан мен Қытай студенттері арасында тұрақты түрде тәжірибе алмасу жоспарланған.

Орталық қазақ киносына, теат­рына, музыкасына және өне­ріне арналған түрлі фестиваль өткізетін алаңға айналады. Осы­лайша, Бейжіңдегі мәдени орта­лық Қазақстанды әлемдік аренада таныстырудың жаңа көкжиегін ашып, халықаралық мәдени ын­тымақтастық стратегия­сындағы маңызды бөлігі болмақ.

Айбике ЖАНАСЫЛ