Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тимур Әбілқасымов жаңа қызметке тағайындалды
2,288
оқылды

Тимур Әбілқасымов жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов лауазымынан босатылды.

Тимур Әбілқасымов 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақстан Менеджмент институтын (KIMEP) «Экономика және болжау» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы London Metropolitan University (Лондон Метрополитен университеті) университетінде MBA бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтады.

2014 жылдан бастап «KazInvestBank» АҚ-та нарықтық тәуекелдер және өтімділік тәуекелдері бөлімінің банк портфелін басқару және есептілігі жөніндегі маман, 2015 жылғы тамыздан бастап нарықтық тәуекелдер және өтімділік тәуекелдері бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2016 – 2017 жылдары – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің басшысы.

2017 – 2018 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Тәуекелдерді басқару Департаменті директорының орынбасары.

2018 – 2021 жылдары –  Radius Advisory Lab. Консалтингтік компаниясының аға әріптесі.

2021 – 2024 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Агенттік Төрағасының кеңесшісі лауазымында жұмыс істеді.