Ширек финалда Заңғар Нұрланұлы ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.
Теннисші Заңғар Нұрланұлы алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына өтті
1,847
оқылды

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы турнирдің үшінші кезеңінде ITF Juniors рейтингінің әлемдік тізімінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Палданиусты жеңді. Финляндия теннисшісі ATP рейтингінде 991-орында тұр.

Заңғар алғашқы сетте 3:6 есебімен есе жіберді. Алайда екінші кезеңде 6:1 есебімен басым түсіп, шешуші үшінші сетті де 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.