Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Бұршақ жауады, үсік жүреді: 4 қыркүйекке ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
2,451
оқылды

4 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 4 қыркүйекте күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 4-6 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 4-6 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда 4 қыркүйекте найзағай ойнайды.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны минус 2 градусқа дейін төмендейді, үсік жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 4 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 4 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 4 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 4 қыркүйекте шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, түнде облыстың батысында тұман болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 4 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, түнде кей уақыттарда тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 4 қыркүйекте найзағай ойнайды.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 4 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың тау асуларында 25 м/с дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 4 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 4 қыркүйекте кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.