Министрліктің мәліметінше, осы кезеңде азаматтар өз поликлиникасын таңдап немесе ауыстыра алады.
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап емханаларға тіркелу бойынша науқан басталады
Фото: баспасөз орталығы
2,959
оқылды

1 қыркүйектен бастап 1 қарашаға дейін Қазақстанда халықты медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарына бекіту жөніндегі жыл сайынғы науқан өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл нені білдіреді?

Министрліктің мәліметінше, осы кезеңде азаматтар өз поликлиникасын таңдап немесе ауыстыра алады. Жаңа поликлиникаға тіркелгендер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық көмек ала бастайды (егер ол ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан болса).

Кімдер тіркеле алады?

ҚР азаматтары;

Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (ықтиярхаты бар болса);

ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) келген еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері (медсақтандыру келісімі болған жағдайда).

Қалай тіркелуге болады?

eGov.kz порталы арқылы (қызмет онлайн, қарау мерзімі – 1 жұмыс күні);

Таңдаған поликлиникаға барып, өтініш беру арқылы.

Маңызды: бұрынғы поликлиникадан автоматты түрде шығарылады.

Өз поликлиникаңызға қайта тіркелу керек пе?

Жоқ. Егер ауыстыру ойыңызда болмаса, қосымша өтініш берудің қажеті жоқ.

Отбасылық тіркелу 

Барлық отбасы мүшесінің бір учаскелік дәрігерге тіркелгені ұсынылады. Бұл медициналық бақылаудың сапасын арттырады.

Мекенжайға қарамай таңдауға бола ма?

Жалпы алғанда, өз елді мекеніңіздің шегінде тіркелу керек. Дәрігердің үйге келуі үшін жаяу жетуге ыңғайлы (15-20 минуттық) қашықтықтағы емхананы таңдаған жөн.

Тіркеуден бас тарту себептері:

Өтініште жалған мәлімет беру;

Басқа елді мекенде тұру;

Емханадағы тіркелгендер санының лимиттен асып кетуі;

Баланы тіркеу үшін құжаттардың толық болмауы.

Тіркелгендер нормативі:

Жалпы тәжірибе дәрігері – 1 700 адамға дейін;

Учаскелік терапевт – 2 200 ересек адамға дейін;

Учаскелік педиатр – 500 бала (0–6 жас) немесе 900 бала (0–14 жас) дейін.

Кампаниядан тыс уақытта ауыстыруға бола ма?

Иә. Жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша немесе:

тұрғылықты жерін, жұмысын не оқу орнын ауыстырғанда;

басқа елді мекенге көшкенде;

бұрынғы поликлиника жабылғанда не қайта ұйымдастырылғанда.

Науқанға қанша емхана қатысып жатыр?

Барлығы 694 медициналық ұйым тіркеу жұмыстарына қатысуда. Жыл сайын амбулаторлық-емханалық көмек көрсетушілер саны артып келеді.

Қосымша сұрақтар бойынша:

www.msqory.kz ресми сайты

Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы

Telegram-дағы SaqtandyryBot чат-боты

Бірыңғай байланыс орталығы: 1414

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.