Ол бүгінгі пікір алмасулар экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Бұл форум Сіздердің компанияларыңыз бен мекемелеріңіз үшін бірлескен кәсіпорындар құруға және экономиканың орнықты өсуіне инвестиция тартуға арналған бағыттарды зерделеуге жол ашады деп ойлаймын. Біздің Үкімет пен Сауда-өнеркәсіп палатасы бүгінгі диалогты нақты жүзеге асыру үшін жұмыс істейді. Орайлы сәтті пайдалана отырып, қазақстандық серіктестерімізді Иорданияға шақырамын. Сол арқылы біздің ұсыныстарымызбен таныса аласыздар. Өз кезегінде иорданиялық компаниялар қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан нарығына инвестиция салуға ниетті. Осы форумда айтылған бастамалардың нақты жобаларға айналып, ұзақмерзімді серіктестікке ұласуына бірлесе атсалысайық, – деді Король ІІ Абдалла.
Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Кеше маған Өзіңізді досым, тіпті, бауырым деп атауға келісім бердіңіз. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі артықшылық. Қымбатты бауырым, Сіздің арқаңызда Иордания бізге етене жақын елге айналды. Халықтарымыз мәңгіге дос, бауырлас әрі сенімді серіктес болып қалатынына нық сенімдімін.