Енді тұрғындарға Aitu, eGov, eGov Business және eOtinish қызметтерінің қолжетімділігі артып, оларға кіру үшін ақы алынбайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен жиында айтылып, Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы тапсырмаларын іске асыру бағыты талқыланды. Қазір бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бойынша да жаңа мүмкіндіктерге жол ашу көзделді. Бүгінде Smart Bridge платформасы сәтті жұмыс істеп тұр. Жалпы, қазіргі таңда мыңнан астам мемлекеттік қызметтің 368-і толық автоматтандырылып, тағы 900-ден астамын сандық жүйеге көшіру жоспарланды. Салаға жасанды интеллекті де енгізіліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз