Егер бас ауруы жиі қайталанса немесе ерекше сипатта болса, мұқият болу қажет.
Бастың ауруы — күнделікті шаршау ма, қауіпті белгі ме?
istockphoto.com
884
оқылды

Кейде күннің соңында самайымызды ұстап, «шаршағаннан ғой» деп өзімізді жұбатамыз. Бірақ бас ауруы әрдайым жай шаршаудың белгісі ғана емес, кейде ағзамыз беріп тұрған маңызды дабыл болуы мүмкін.

Жай шаршаудан туындайтын бас ауруы. Көп жағдайда басымыздың ауруына қарапайым себептер әсер етеді:

  • Ұзақ уақыт телефон, компьютерге қарау;

  • Дұрыс ұйықтамау;

  • Аштық немесе жеткіліксіз су ішу;

  • Стресс пен жүйкенің шаршауы.

Мұндай жағдайларда бас ауруы әдетте қысқамерзімді болады және демалғаннан кейін, таза ауаға шыққанда, су ішкенде жеңілдейді.

Қауіпті белгілер. Егер бас ауруы жиі қайталанса немесе ерекше сипатта болса, мұқият болу қажет:

  • Таңертең оянғанда бастың қатты ауруы;

  • Ұзаққа созылатын, күн сайын қайталанатын ауырсыну;

  • Кенеттен пайда болған, әдеттегіден өзгеше күшті бас ауруы;

  • Басын ауыртып қана қоймай, көру, сөйлеу, тепе-теңдік бұзылуымен қатар жүретін жағдайлар.

Бұл белгілер ағзада басқа да аурулардың бары туралы ескерту болуы мүмкін.

Бас ауруының алдын алу:

  • Күн сайын жеткілікті ұйықтау (балаларға — 9-10 сағат, ересектерге — 7-8 сағат).

  • Экран алдында өткізетін уақытты шектеу.

  • Күніне жеткілікті су ішу.

  • Серуендеу, таза ауада қозғалу.

  • Жұмыс пен демалысты кезектестіру.

Есте сақтаңыз: бұл тек жалпы ақпарат. Біздің айтқанымыз — тек ескерту. Егер бас ауруы жиі мазаласа немесе жоғарыда аталған күдікті белгілердің бірі байқалса, міндетті түрде кәсіби маман — дәрігердің қарауына барыңыз.