Министр өткен жылы елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін айтты.
Дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылады
545
оқылды

Бұл туралы Президент қабылдауында болған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекет басшысына министр денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндады.

Өткен жылы елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін айтты.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша мәлімет берді.

Медицина қызметкерлерін қорғау шаралары жөнінде ақпарат берді.

Бұл орайда заңнаманы қатаңдатуға, дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылады.

Министрліктің мәліметінше, келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы 1 миллион адам медициналық сақтандырумен қамтылады.