Анасының айтуынша, қызы таныс ер адаммен бірге дүкенге кеткен, бірақ үйге оралмаған.
«6 жасар қызды ұрлап, зорлады»: Батыс Қазақстанда сұмдық жағдай болды
БҚО ПД фотосы
3,000
оқылды

2025 жылдың 22 тамызында Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауылында 6 жасар қыздың жоғалып кетуіне байланысты полицияға арыз түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Анасының айтуынша, қызы таныс ер адаммен бірге дүкенге кеткен, бірақ үйге оралмаған. Баланың жоғалғаны туралы хабар түскен бойда тәртіп сақшылары жедел іздеп, барлық полиция бөлімшесі жұмылдырылды.

23 тамыз күні таңертең 32 жастағы ер адам ұсталды. Ол кәмелетке толмаған қыздың қай жерде екенін көрсеткен. Бала ауыл шетінде тірі күйінде табылды. Қыз ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің сөзінше, күдікті қыздың отбасына жақсы таныс болған. Оқиға күні ол ата-анасының рұқсатымен баланы дүкенге апарып, қайта әкелмеген. Қолда бар ақпараттарға қарағанда, ер адам екі жыл бұрын түрмеден ұрлық үшін жазасын өтеп шыққан. Қазіргі таңда ол қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.

Тасқала ауылдық округінің әкімі Алғадай Жамбыл қазіргі кезде полиция тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Қыздың ата-анасы үйлерінде бір шара өткізген, шақырылған қонақтардың ішінде күдікті де болған. Ол ата-анасының рұқсатымен қызды тәтті алуға дүкенге апарған, бірақ кері қайтпаған. Түн ортасына қарай ата-анасы 102 нөміріне хабарласып, қызының жоғалғанын айтқан. Түні бойы кішкентай қызды қаңырап қалған үйлер мен жыралардан іздеді. Таңертең ғана "Элеватор" ықшамауданынан тапқан. Күдікті ұсталды,  деді Алғадай Жамбыл.

Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Дегенмен ведомство қылмыстық істің нақты қай баппен қозғалғанын әлі хабарлаған жоқ.