Осы жобаның мақсаты азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізуде бірыңғай тәсіл енгізуге арналған, – деп хабарлайды Аikyn.kz «Қазақпаратқа» сілтеме жасап.
«Жоба әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін нақтылауға, әскерге шақыруды кейінге қалдыруды мемлекеттік қызмет көрсету арқылы іске асыруға, әскери қызметке жататын азаматтардың телефон нөмірлеріне SMS-хабарламаны хабарландырудың тиісті түрі деп танытуға бағытталған», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.
Құжат жобасы биылғы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.