Бұл туралы Палестина журналистерінің кәсіподағы хабарлады.
Газа секторында тағы бір журналист қаза тапты
Фото: istockphoto.com
2,225
оқылды

Палестина мемлекеттік телеарнасының операторы Халид әл-Медхун Израиль әскерінің тікелей соққысынан қаза болды.

Осылайша, Израильдің Газаға шабуылдары басталғалы қаза тапқан журналистер саны 240-қа жетті. Кәсіподақ өкілдері мұны «шындықты жасыру және палестиналықтардың дауысын өшіру әрекеті» деп атады.

Израильдің әуе шабуылдары салдарынан 2023 жылғы 7 қазаннан бері 62 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 157 мыңнан астамы жараланған. Мыңдаған адам хабарсыз кеткен, жүздеген мың тұрғын үйлерін тастап шығуға мәжбүр болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.