Мемлекет басшысының Қырғыз Республикасына ресми сапары басталды.
Қырғыз Республикасы Қасым-Жомарт Тоқаевты ерекше құрметпен қарсы алды
Фото: Ақорда
1,298
оқылды

«Ынтымақ Ордо» резиденциясында Қырғыз Республикасына ресми сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты  қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттер бір-бірімен амандасқаннан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары  шырқалды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров сап түзеген сарбаздардың алдынан жүріп өтті. 

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз залына барды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.