Азаматтардың жеке бас бостандығын қорғау жөніндегі шараларды күшейту мақсатында және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қылмыстық кодекске 115-1 – «Сталкинг» жаңа бабы енгізілген заңға қол қойды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.
Сталкинг – енді қылмыс
4,631
оқылды

Сталкинг – бұл адаммен қарым-қатынас ор­натуға және (немесе) оның еркіне қайшы келетін, зорлық-зомбылықпен ұштаспаған, елеулі зиян келтірген әрекеттерді білдіретін адамды заңсыз қудалау. Отандық заңнамада мұндай әрекеттер үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қа­мауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік ал­ғаш рет көзделген.

– Егер сталкинг зорлық-зомбылық, қорқыту, боп­­салау, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу­­­мен қатар жүрсе, іс-әрекеттер ҚК-нің басқа баптары бойынша қосымша сараланатын болады. Стал­кинг бабы бойынша қылмыстық қудалау нақ­­ты зиян болған кезде басталатынын білу маңыз­­­ды – мысалы, жеке өміріне қол сұғылмау, ер­­кін жүріп тұру құқықтарынаң шектеулері немесе пси­хологиялық қысым көрсету, – делінген хабар­ламада.

Жауаптылықты енгізудің мақсаты – құрбан­дар­ды ерте кезеңде қорғау және зорлық-зомбылық пен агрессивті мінез-құлыққа мөлдем төзбеушілік қалыптастыру. Өз құзыреті шегінде жүзеге асыры­латын құқық қорғау органдарының заңды әрекет­тері сталкинг белгілеріне жатпайтынын атап өткен жөн.

Бас прокуратура азаматтарды сталкингтің көрі­­ністеріне немқұрайлы қарамауға шақырады. Мұн­дай жағдай туындаған кезде дереу ішкі істер ор­гандарына хабарласу қажет. 

Мейір ЖАСЫН