Сенат жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері мен «Талдау мектебінің» түлектері Абай және Павлодар облыстарының жастарына арналған бірқатар дәрістер өткізді. Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған бұл бастама – Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қолдауымен жүзеге асқан алғашқы жоба болды.
Сарапшылар дәріс өткізді
4,084
оқылды

«Сенат – өңірлердің мүдделерін қорғайтын ең жоғарғы өкілдік орган. Осыған байланысты Сенат Спикері өңірлермен жүйелі өзара іс-қимылға және олардың бастамаларын қолдауға айрықша назар аударады. Мәулен Әшімбаев Палата сарапшылық қауымдастығының әлеуетін тиімді пайдалану қа­жеттігін атап өтті. Осы міндет аясында біз жас­тар­ға арналған дәрістер сериясынан тұратын жобаны іске қостық», – деді Сенат Төрағасы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Жасұланбек Май­лы­бай.

Сарапшылар жастардың дүниетанымын кеңей­тіп, тұлғалық дамуына ықпал ететін бірнеше ба­ғыт бойынша сөз сөйледі. Тақырыптар қатарында кәсіби дағдыларды дамыту, жасанды интеллектіні пай­далану, менталдық денсаулық, кәсіпкерлік жә­не басқа да өзекті мәселелер болды. Қатысу­шы­лар мұндай кездесулерді тұрақты өткізу қажеттігін атап өтті. Дәрістер қорытындысында ең белсенді тың­даушыларға кітаптар сыйға тартылды.

Кездесулер Павлодарда және Семейде өтіп, кейін Абайдың кіндік қаны тамған жері – Қарауыл ауы­лында жалғасын тапты. Мұнда дәрістер негі­зі­нен ерік­тілерге, мектеп оқушыларына және ұс­таз­дар­ға арналды. Сондай-ақ сарапшылар тарихи-мә­дени орын – Жидебайға барып, Абай рухына тағзым етті.