Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Ешмұратовтар отбасына арнайы барып, үшемдердің өмірге келуімен құттықтап, үшемдердің ата-анасына сый-сияпат пен қаржылай сертификат табыстады.
Шардарада аудан әкімі үшем туған ананы арнайы құттықтады
828
оқылды

2025 жылғы 6 тамыз күні Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округі Ешмұратовтар отбасында үшем дүниеге келді. Сәбилерге Аслан, Алихан, Алинур есімдері берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Ешмұратовтар отбасына арнайы барып, үшемдердің өмірге келуімен құттықтап, үшемдердің ата-анасына сый-сияпат пен қаржылай сертификат табыстады.

Балалардың анасы – Тамды ауданында дүниеге келген Нұрабаева Орынкүл Пердебайқызы, ал әкесі – Өзбекстан Республикасының Үшқұдық ауданында туған Ешмұратов Серік Арипбекұлы. Қазіргі таңда әкесі мал шаруашылығымен айналысса, анасы – үйде бала тәрбиесімен айналысатын үй бикесі.

Айта кетерлігі, үшемдерден бөлек бұл отбасында бұған дейін 8 бала тәрбиеленіп жатқан болатын. Көпбалалы отбасы 2019 жылы Алатау батыр ауылынан Жаушықұм ауылына қоныс аударған.