Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз алтын өндіру әрекетін тоқтатты.
6 келі алтын табылды
Фото: gov.kz
7,545
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО департаменті ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Күдіктілер заңнама талаптарын бұзып, лицензиясыз екі жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген. Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған. ЖШС-ның заңсыз қызметі салдарынан келтірілген тек экологиялық залал 300 млн теңгеден асты.

Тінту барысында құны 382 млн теңге құрайтын 6 келі алтын тәркіленді.

Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.