Шымкент қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры ЮНИСЕФ ұйымдастырған маңызды әлеуметтік жоба – волонтерлер мектебі ресми түрде ашылды.
Волонтерлер мектебі ашылды
4,053
оқылды

Бұл бастама – елдің болашағы саналатын жас буынның құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға, олардың әлеуетін толық ашуға бағытталған іргелі қадам. «Балалар мен жастардың құқықтары мен әл-ауқаты үшін» атты кездесулер сериясының алғашқы шарасына әлеуметтік және экологиялық жобаларға белсенді қатысып жүрген 500-ден астам жас жиналды. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге үлес қосуға және еріктілік қызметтің мәнін терең түсінуге ниетті.

Шараның ашылу салтанатына Шымкент қа­ласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрі­мов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мем­лекеттік зерттеу университетінің әлеу­мет­­тік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ға­ни Бесбаев, сондай-ақ ЮНИСЕФ-тің Қа­­зақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баз­­зи-Вейл арнайы қатысып, жастарға ізгі ті­­лек­терін жеткізді. Волонтерлер мектебі ая­­сында өткен іс-шаралар жастарға арналған тә­­жірибелік және танымдық бағытта ұйым­дас­тырылды. Бағдарламада интерактивті пі­кір­таластар, волонтерлердің өз тәжіри­бе­сінен шынайы оқиғаларымен бөлісу, әлеу­мет­­тік және экологиялық жобаларды әзірлеу бойынша шеберлік сабақтары, азаматтық бел­­сенділікті қалыптастыруға арналған тре­нинг­тер мен қызықты танымдық куиздер қам­­­тылды.

Кездесулер барысында балалар мен жас­тар арасындағы өзекті мәселелер, экология­лық қауіптер және оларды шешудің заманауи тәсілдері талқыланды. Қатысушылар өздері­нің тың идеяларын ортаға салып, болашақта іске асыруға ниетті бірқатар жобаны ұсын-ды.

Айта кету керек, ЮНИСЕФ волонтерлер мек­тептері бұған дейін Ақтау мен Астана қа­лаларында ашылған болатын. Алдағы уа­қытта мұндай орталықтар Алматы, Көкшетау жә­не Семей қалаларында да жұмысын бас­тай­ды. Жалпы, 2020 жылдан бері Қазақстанда 10 мыңнан астам жас ЮНИСЕФ волонтері атан­ды. Бүгінде ЮНИСЕФ-тің волонтерлер қоз­ғалысы әлемнің түкпір-түкпірінде 10 мил­лионнан астам адамды біріктіріп отыр. Бұл – жастардың азаматтық жауапкершілігін арт­тырып қана қоймай, қоғамдағы белсенді өмір­лік ұстанымын қалыптастыратын жаһан­­дық күш.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Шым­­кенттегі волонтерлер мектебі жас ұр­пақ­­тың білімі мен дағдысын арттыруға, олар­­дың көшбасшылық қасиеттерін дамы­туға және қоғамға пайдасын тигізетін нақты іс­тер­ге жұмылдыруға зор үлес қос­пақ.

Н.ҚАЛМЫРЗА,

Шымкент қаласы