Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жа­санды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша Цифрлық штаб отырысын өткізді.
Жасанды интеллектіні дамыту мәселесі талқыланды
1,615
оқылды

Цифрлық штабтың ше­ші­мі­мен мемлекеттік ор­гандардың ақпараттық жүйелерін интег­ра­ция­­лау­дың кешенді жоспары, сон­дай-ақ жасанды ин­тел­лект де­ректер массивтерімен жұмыс іс­теу рег­ламенті және оны жүзеге асыру жоспары бекі­тіл­ді. Smart Data Ukimet бойынша мем­ле­кет­тік дерек­терді біріктіру бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімдері анықталды. Жаңа хэштеу әдісін қолданатын интеграция биылғы  жылдың 1 қыркүйегінде аяқ­талуы керек, ал барлық деректер осы жылдың 1 желтоқсанына дейін платфор­ма­ға берілуі керек. Сонымен қатар биылғы 15 қыр­күйекке дейін мемлекеттік ор­ган­дар қыз­мет­керлерінің AITU ұлттық мес­сенд­жеріне көшуі мін­дет­телді.

Премьер-министр қабыл­дан­­ған құжаттарды сапалы әрі уақ­­ытылы іске асырудың маңыз­ды­­лы­ғын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қазақ­стан Еуразиядағы цифрлық хаб­қа айналуы тиіс деген мақсатты алға қойып отыр. Нақты мін­дет­тер белгіленді. Бүгінде Цифр­лық штаб барлық мемлекеттік орган мен ұйымдар үшін міндетті ше­шімдер қабылдады. Нәтиже ақ­па­раттық қауіпсіздікті жақ-сар­туға және мемлекеттік аппа­рат­тың тиімділігін арттыруға ба­ғыт­тал­ған»,  деді Олжас Бектенов.