Костенко шахтасында апатқа кінәлілер 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар олар 3 жылға дейін тау-кен өндірісі саласында басшылық қызметтен шеттетілді. Қарағандыдағы Әлихан Бөкейхан аудандық соты осындай үкім шығарды.
Оларға «Тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзып, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқты» деген айып тағылды. Жазаға тартылған 10 адам Костенко шахтасында инженерлік-техникалық қызмет пен басшылық лауазымды атқарған. Сотқа жолданған тергеу материалдарына сәйкес 74 жәбірленушіге қатысты барлығы 108 томдық қылмыстық іс қаралды.
Еске салсақ, 2023 жылы 28 қазанда Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада апат болып, 46 кенші қаза тапқан еді. Тағы 28 кенші түрлі деңгейдегі жарақат алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.